Азия ойындары: Спортшыларымыз 15 спорт түрі бойынша сынға түседі
Азия ойындарының аяқталуына үш күн қалды. Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге 51 медаль. Оның бесеуі алтын. Ал, бүгін екі боксшымыз алтынға таласады.Тағы қандай спорт түрлерінен ұлттық құрама бақ сынайды?
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Бүгін жерлестеріміз 15 спорт түрі бойынша сайысқа түседі. Медаль міндетті түрде болады. Бүгін қос бірдей боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев пен Карина Ибрагимова финалда өнер көрсетеді. Қамшыбек өзбек боксшысы Баходир Жалоловпен жұдырықтасса, Карина тайпейлік боксшымен жекпе-жекке шығады. Сонымен қатар боз кілемдегі белдесулер жалғасады. Грек-рим және әйелдер күресі бойынша медальдар сарапқа салынады. Ал қазір тасжолдағы командалық веложарыс өтіп жатыр. Онда Алексей Луценко бастаған біздің команда қатысып жатыр. Алтын жүлдедеден үмітіміз бар. Одан бөлек каратэ және джиу-джитсу сынды шығыс жекпе-жектерінен жүлделі боламыз деген сенімдеміз.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17