Азиаданың алтыншы алтыны қоржынға түсті
Жаңа ғана велошабандоздар қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, Азия ойындарының кезекті жүлдесін қоржынға салды.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Велошабандоздар жарап тұр. Бұл жолы Евгегий Федоров мықтылығын дәлелдеді. Сейсенбі күні жекелей сында Луценко бірінші келіп, ел қоржынына бесінші алтынды сыйлаған еді. Енді бүгін міне командалық сында да шабандоздар озық шығып алтыншы алтын медальді құрамаға сыйлап отыр. Бүгін тасжолдағы жарысқа төрт бірдей спортшымыз шықты. Олар Алексей Луценко, Евгений Федоров, Глеб Брусенский және Дмитрий Груздев. Федоров пен Луценко ә дегеннен ақ суырылып алға шықты. Содан мәреге дейін негізгі топқа жеткізбей жетті. Алексей мен Евгений мәрені қол ұстасып, бірге кесіп өтті. Дегенмен жарыс қорытындысы бойынша Евгений Федоров алтын, Алексей Луценко күміс медаль еншіледі. бірінші ал Евгений Федоров екінші орынды иеленді.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18