Президент Азиада жүлдегерлерін қабылдады
Мемлекет басшысы Ақордада Азия ойындарының жүлдегерлерін қабылдады. Жиында Президент тұғыр биігінен көрінген спортшыларды құттықтап, алғыс білдірді. Дегенмен Токио мен Ханчжоуда өткен байрақты бәсекелердің нәтижесінен кейін спорт саласына реформа жасау қажеттігін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше жыл сайын спортты дамытуға қомақты қаржы бөлінеді. Алайда көрсеткіштер жоғары емес. Министрлік пен Ұлттық олимпиада комитеті және федерациялар арасында үйлесім жоқ. Спорт медицинасын дамытып, бапкерлердің жалақысын көбейту керек- деді. Сонымен қатар Үкімет пен әкімдерге дарынды спортшыларға қолайлы жағдай жасауды тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Ашығын айтуымыз керек, нәтижеміз мемлекеттен бөлініп жатқан қаражаттың барынша тиімді жұмсалмайды. Мұндай жағдайға жол беруге болмайды. Спорт саласына түбегейлі өзгерістер, яғни реформа қажет. Тиісті министрлік осы мәселені жан-жақты қарап, спортты дамытудың мүлде жаңа жолдарын ұсынуы керек.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17