БҰҰ Газа тұрғындарына 24 сағатта көшу туралы ескертуінің күшін жоюға үндеді
БҰҰ Израильде Газаның 1 миллионнан астам тұрғынына 24 сағатта көшу туралы ескертуінің күшін жоюға үндеді. Халықаралық ұйым бұл қадам апатқа әкеледі деп мәлімдеді. Сонымен бірге әлемдік қауымдастықты Газа секторы мен Иордан өзенінің Батыс жағалауы тұрғындарының шұғыл қажеттіліктерін өтеу үшін 294 млн доллар бөлуге шақырды.
Соңғы мәліметтерге сай, Израильдің әуе шабуылдарынан Газада 423 мың адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған. 1500-ден аса палестиналық қаза тапты. Хамастың өткен сенбідегі шабуылынан Израильде мерт болғандар саны 1300-ден асты. Израиль құрлықта әскери операция бастауға дайындалып жатыр.
Брайан Ландер, БҰҰ өкілі:
Газа секторында жағдай аса күрделі. Азық-түлік, су қоры тез таусылып жатыр. Клиника, мектеп тәрізді азаматтық нысандар да әуе шабуылына ұшырады. Қақтығысушы тараптарды халықаралық гуманитарлық құқық талаптарын орындауға үндейміз.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01