Қосымша құн салығы көтерілуі мүмкін
Ұлттық экономика министрлігі қосымша құн салығын (ҚҚС) 12%-дан 16%-ға көтеруді ұсынып отыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Ведомство өкілдерінің мәліметінше мұндай өзгеріс ел экономикасына оң пайдасын тигізеді. Бюджетке шамамен 2-2,4 трлн теңге қосымша ақша келеді. Алайда «Ақ жол» демпартиясы мұндай өзгеріске қарсы шығып, парламенттік тыңдау өткізуді талап етіп отыр. Бұл туралы демпартияның орталық аппаратында өткен жиында Азат Перуашев айтты. Дөңгелек үстелге Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Қаржы, сауда және интеграция, өзге де мемлекеттік органдар басшылары қатысты.
Әлібек Қуантыров, Ұлттық экономика министрі:
Біздің экспорттық тауарлардың бәсекелестігін көтеру, себебі көп тауарлар шетелден келіп жатыр. Сол себепті бізге импортты алмастыру керек. Екінші мәселе республикалық кірістерді көбейту. Осы реформа қосымша құн салығын бойынша 2-2,5 трлн теңге әкелуі тиіс.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53