«Ұлттық қор – балаларға»: Ақша қашан түседі?
2024 жылдың ақпанында 18 жасқа толғандар Ұлттық қордан ақшасын шеше алады. Себебі, қаражат шотқа сол уақыттан бастап аударыла бастайды. Бұл туралы Қаржы министрінің орынбасары Дәурен Темірбеков мәлімдеді. Қаражатты оқуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсай алады. Ақша еліміздегі 7 млн-ға жуық балаға теңдей бөлінеді. Оның мөлшері Ұлттық қордың инвестициялық табысына байланысты. Болжам бойынша 2024 жылы туған баланың шотына 18 жыл ішінде 3500 АҚШ доллары жиналуы тиіс. Ал жыл сайын шамамен 150-160 доллар аударылады.
Дәурен Темірбеков, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:
Жобаны жыл сайын іске асыру кезең-кезеңімен орындалатын болады. Ол үшін ең алдымен өткен жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қорға тәуелсіз аудит жүргізіледі. Аудит нәтижесі бойынша Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің мәні мен оның елу пайызының мөлшері анықталады.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үлкен тенниске қызығатын балалар көбейіп келеді
18.09.2026, 17:33
Қарағанды облысында жастар құқықтық сауатын жетілдіруде
18.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
18.09.2026, 17:25
Бейжің ЕуроОдақтың үндеуін қабылдаған жоқ
18.09.2026, 17:22
Филиппиндегі мектепте атыс болды
18.09.2026, 17:20
Ресейдегі дәрі қоры 8 айға ғана жетеді
18.09.2026, 17:17
Абай облысында ет экспортына ден қоя бастады
18.09.2026, 17:15
Өскеменде жол айрығын қарқынды салып жатыр
18.09.2026, 17:12