Түркияның 100 жылдығы тойланды
29 қазан күні Түркия Республикасы құрылғанына 100 жыл толуын жан-жақты атап өтті. Елдің ең ірі қалалары Анкара мен Ыстамбұлда жалпыхалықтық шеру өтіп, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылды.
Мерекенің ең ерекше сәті Ыстамбұлдағы Босфор бұғазынан Түркия флотындағы отандық кемелердің жүзіп өтуі болды. Бұғаздан шерулетіп жүзіп өткен түрік флотындағы әскери кемелердің қатарында - ұшқышсыз басқарылатын дрондар мен ұшақтар қонуға арналған ең ірі «Анадолы» ұшақ тасығыш кемесі де бар еді. Ал мерекелік кештің соңында Босфор бұғазында 100 жылдыққа арналған дрондар шеруі мен ауқымды отшашу болды.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия Президенті:
Халық ретінде біз бүгін мақтаныш пен толқуды қатар бастан өткеріп отырмыз. Себебі 1923 жылы 29 қазанда жариялаған Республикамыз бүгін бірінші ғасырын аяқтап, «Түркия ғасыры» деп аталатын екінші жүзжылдығына аяқ басып отыр. Республикамыздың 100 жылдығын даңқпен, абыроймен және қуанышпен тойлап отырмыз. Осы қуанышымыз ұзағынан болады деп сенемін.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01
Азаматтардың сайлау процестеріне қатысу белсенділігі артып келеді
07.08.2026, 20:00
Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары пысықталды
07.08.2026, 19:58
Мектептегі атыстан 7 адам қаза тапты
07.08.2026, 19:55
Трамп екі қаулыға қол қойды
07.08.2026, 19:53
Тамызда еңбек кодексі өзгереді
07.08.2026, 19:51
Мектеп формасына жаңа талап: Ата-аналар нені білуі керек?
07.08.2026, 19:48
Бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау ұсынылды
07.08.2026, 19:47