Шахтадағы апаттың себебін анықтауға сарапшылар тартылған
Шахтада қаза тапқан 46-шы кеншінің дене бөлшектері табылды. Бұл туралы Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Айя Мүтәлі, тілші:
Бүгінгі отырыс қаза тапқан кеншілерді 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Әлихан Смайылов қара жамылған отбасыларға көңіл айтты. Ал Төтенше жағдай министрі шахтадағы ахуалды баяндады. Қазір апаттың себебін анықтау үшін 7 шағын комиссия құрылып, шетелдік сарапшылар тартылған. Ал қаза тапқан 46 кеншінің тек 40-ның жеке басы анықталған. Алтауы әлі белгісіз. Оларды сәйкестендіру үшін тиісті сараптама жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, 27 кенші әлі ауруханада жатыр. Оның біреуінің жағдайы ауыр. Премьер-Министр Әлихан Смайылов апатқа бірінші кезекте кәсіпорын басшылығы кінәлі деп сынады. Себебі, шахтада еңбек қауіпсіздігі сақталмайды дейді Үкімет басшысы.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Мұндай әрекетсіздіктің салдары бірнеше жылдар бойы қайғылы жағдайларға әкеп соғуда. Компания өз міндеттемелерін орындаған жоқ. Қазіргі таңда, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын Қазақстанның пайдасына беру рәсімдері аяқталу сатысында. Комиссия апаттың себептерін жан-жақты тексеріп, оған кінәлі адамдарды анықтау жұмыстарын жалғастырады.
Үкімет басшысы қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетілетін тағы айтты. Зардап шеккендердің денсаулықтарын қалпына келтіріледі. Ешкім назардан тыс қалмайды, деді Әлихан Смайылов.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Желтоқсан оқиғасының шындығын жеткізген шығармалар
21.12.2025, 20:35
Елдегі демографиялық ахуал қандай?
21.12.2025, 20:20
Жаңа заң: Келесі жылы банктерге қандай талап қойылады?
21.12.2025, 20:17
Қазақстан-Жапония: Былтыр тауар айналымы 2 млрд доллардан асты
21.12.2025, 20:10
Асанәлі Әшімов – қазақ киносының аңызы
21.12.2025, 20:05
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Жаңа клуб пайдалануға берілді
20.12.2025, 17:56
Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін
20.12.2025, 17:53
72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды
20.12.2025, 17:50