Үкімет алдында бюджет кірісін көбейту міндеті тұр
Үкімет алдында бюджет кірісін көбейту міндеті тұр. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты. Оның сөзінше, қазір қазынаны толтыру үшін кеден мен салық жұмыстарын цифрландыру шаралары қабылданған. Әрі көлеңкелі экономикамен күрес қарқынды жүріп жатыр.
Сонымен бірге, салықтан түскен кірісті де ұлғайтпақ. Ол үшін жеке табыс салығы мен қосымша құн салығының мөлшерін өсіру көзделген. Төлемнің өсуі көбіне импортталған өнімдерге қатысты. Себебі, қосымша құн салығын отандық тауар өндірушілер мен шағын бизнес иелері төлемейді. «Бұл жеңілдіктер сақталады» - деді Үкімет басшысы. Осылайша, бюджет кірісі 2 трлн теңгеге артады деген болжам бар.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10