Өзбекстанда пойыз бен автобус билеттері қымбаттады
Өзбекстанда теміржол билеті қымбаттады, қалааралық жолаушылар пойыздарында тариф 35 пайызға көтерілген. Ал жүрдек электр пойыздарына баға 60 пайызға өсті. Қымбатшылық қоғамдық көліктерді де айналып өтпеді. Автобустар мен метрода да жолақы көлемі артты. Бұған дейін жолаушылар 1400 өзбек сумын төлейтін. Жаңа тариф бойынша баға 2 мың сум болып бекітілді. Ал көлік картасы арқылы төлейтіндер үшін жолақы 1700 сум. Айта кетейік, Ташкентте қоғамдық көліктерде төлемнің автоматтандырылған жүйесі 2020 жылы енгізілген. Алайда жұрттың көбі әлі күнге дейін нақты ақшамен төлейді.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан»: 400-ден астам адам экологиялық тазалық акциясына қатысты
07.08.2026, 17:15
БҚО-да спорттық-құқықтық форум өтті
07.08.2026, 17:14
Сыр өңірінде құрылыс қарқыны жеті есеге ұлғайды
07.08.2026, 17:13
СҚО-да сүт фермасы іске қосылды
07.08.2026, 17:12
Түпқарағанда балық шаруашылығы дамып келеді
07.08.2026, 17:09
Ел жаңалықтарына шолу
07.08.2026, 17:08
ҚФФ Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерін таныстырды
07.08.2026, 17:07
Таиландта мектептегі атыстан 7 адам қаза тапты
07.08.2026, 17:06