Қазақстанда АЭС салуға 5 мемлекет өтініш тастаған
Атом электр станциясын салуға 5 мемлекет өтініш тастаған. Франция, Оңтүстік Корея, Ресей, Қытай және Американың екі компаниясының ұсыныстары қаралып жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Министрлік бүгінде бұл кәсіпорындардың модульді реакторлар орнату технологиясын зерттеуде. Нақты шешім референдум өткеннен кейін қабылданады, - деді.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
Қазіргі таңда министрлік референдумға дайындықпен айналысып жатыр. Соның аясында өз сарапшыларымызды ұсынып, халықпен кездесетін топтарға базалық мәліметтерді бердік. Референдумда қандай сұрақтар қойылатыны әлі белгісіз. Қазір Конституцияға сай жұмыс жүріп жатыр.
Сұйытылған газ бағасы бензинмен теңеседі
Министр Алмасадам Сәтқалиев, соңғы кезде тапшылық тудырған сұйытылған газ мәселесіне қатысты да ойын айтты. Тапшылық газбен жүретін автокөліктердің көптігінен туындаған. Алмасадам Сәтқалиевтің мәлімдеуінше, бір жылда сұраныс 25 пайызға артқан. Қазір отынның қоры жеткілікті. Алайда, көліктер жаппай газға көшіп, сұраныс артса, оны сырттан әкелуге тура келеді деп отыр. Себебі, сұйытылған газ арзан болғандықтан, кәсіпкерлер өндіріс көлемін азайтқан. Ал баға біртіндеп өсіп, бензин бағасымен теңесетінін жеткізді.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08