Қоғамдық ұйым құру үшін 3 адамның бастамасы жеткілікті
Енді қоғамдық ұйым құру үшін 3 адамның бастамасы жеткілікті. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның сөзінше, бірлестік мүшелерінің саны 3 есе қысқарады. Бұл Бельгия, Чехия, Литва елдерінен алынған тәжірибе.
Ал Мәжіліс депутаттары бұл өзгеріс діни радикалды топтардың қоғамдық ұйым құруына алып келмей ме деп алаңдайды. Алайда, министр алаңдауға негіз жоқ екенін айтты.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
Олардың арнайы заңдары бар – «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң. Осы заңда діни бірлестіктерді құру үшін жергілікті орында 50 адам, республика деңгейінде 5 мың адам ниет еткенде ғана тіркеледі. Ал осы заң жобасына бұл тетіктер кірмейді. Сондықтан ондай қауіп-қатер жоқ. Уайымдамауға болады.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10