Ақтөбе облысында қаржы пирамидасын құрғандар сотталды
Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрып, 4 жарым мыңнан аса адамды сан соқтырған екі адам соталды. Мейірхан Сақтағанов пен Айдос Кәлімбетов қылмыстық кодекстің төрт бірдей бабы бойынша айтыпталды.
Олар «Выгодный займ», «Гарант 24 ломбард», «Эстейт Ломбард» деп аталған қаржы ұйымдарын құрушылар қатарында болған. Тұрғындардың сеніміне кіру арқылы, Ақтөбе облысында 3 357, Қызылордадан 1 259 адамның қалтасын қаққан. Тұрғындар 25 мың теңгеден бастап 62 миллион теңгеге дейін қаржы салған. Жалпы шығын 4 миллиард теңге. Сот алданған тұрғындарға қаржыны толықтай өтеуді үкім етті. Ал, айыпталушы Сақтағанов 11, Кәлімбетов 9 жылға бас бостандығынан айрылды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17