Қазақстан киік мүйіздерін экспортқа шығаруы мүмкін
Елімізде киік мүйіздерін шетелге сату жағы қарастырылып жатыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Оның сөзінше, ақбөкеннің мүйізі дәрілік өнім ретінде шығыс медицинасында бұрыннан қолданылады. Алайда, халықаралық қауымдастық оны экспорттауға тыйым салған. Осыған байланысты министрлік қазір Женева қаласында СІТЕЅ Хатшылығымен кеңесіп жатыр. Рұқсат берілген бойда еліміз мүйіздерді экспорттауға кіріседі. Ресми жауап шамамен 2025 жылдың басында келеді,- деді министр.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
Ақбөкен мүйізінен Шығыс елдері, негізінен Қытай дәрі-дәрмек әзірлейді. Қазір келіссөз жүріп жатыр. Оған дейін мүйіздер «Охотзоопромның» арнайы орындарында таңбаланып, сақталады. Қазір ешқайда сатып жатқан жоқпыз. Бірақ болашақта сыртқы нарыққа экспорттауды жоспарлап отырмыз.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10