Ақтөбеде пара ұсынған шетел азаматына қатысты іс қозғалды
Ақтөбеде жол жүру ережесін бұзған шет ел азаматы полицейлерге пара ұсынды. Құқық қорғаушылар «DAW» жүк көлігін тоқтатқан.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 39 жастағы жүргізушіге жол белгілерінде көрсетілген талаптарды ескермегенін түсіндірді. Ал шетелдік азамат әкімшілік жауапкершіліктен жалтару мақсатында пара ұсынған. Нәтижесінде, оған қатысты жол жүру ережесін бұзғаны үшін үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ, лауазымды тұлғаларға пара бермек болғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған азамат параның 30 есеге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17