Ресейде дауылдан 500-ден астам елдімекен жарықсыз қалды
Көршілес Ресейдің де бірнеше өңірінде қатты дауыл болды. Сібір аймағында жел үйлердің шатырларын жұлып алып, ағаштарды құлатты.
Индира Бегайдар, тілші:
Ауа райының қолайсыздығы Кемерово және Краснояр елімізбен шектесетін Алтай өлкесі, Омбы және Новосібір облыстарына қатты әсер етті. Жел 35 м/с дейін екпінмен үйлердің шатырларын, ағаштарды қиратып, көліктерге зиян келтірген. 500-ден астам елді-мекен жарықсыз қалды. Апат салдарынан кем дегенде бес адам зардап шекті, екі тұрғын қайтыс болды дейді мамандар. Әлі де құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабы зардап шеккен өңірлерде жүр қазір. Алдағы сағаттарда синоптиктер ауа райының нашарлайтынын ескертеді.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Саябақта қоқыс тастамау – мәдениет белгісі
07.08.2026, 13:25
Қайтарылған активтер есебінен тағы екі мектеп салынып жатыр
07.08.2026, 13:17
Алтынды заңсыз қазып жүргендер ұсталды
07.08.2026, 13:15
Мұқыр–Құлсары тасжолы жөнделіп жатыр
07.08.2026, 13:12
Конституциялық өзгерістер демократияны күшейтті
07.08.2026, 13:10
Трамп азаматтық алу мүмкіндігін шектей бастады
07.08.2026, 13:07
Таиландта мектептегі атыстан 8 адам қаза тапты
07.08.2026, 13:03
Астанада заңсыз тұрған көліктерді эвакуациялау күшейтіледі
07.08.2026, 13:00