Ресейде 260 мыңнан астам адам жарықсыз отыр
Қолайсыз ауа райының зардаптарымен Ресейдің Кемерово, Краснояр және елімізбен шектесетін Алтай, Омбы, Новосібір облыстары да күресіп жатыр. Қатты желден 260 мыңнан астам адам жарықсыз қалды. Мамандар соңғы 50 жылда мұндай дауыл тіркелмегенін айтады. Жел секундына 35 метр жылдамдықпен үйлердің шатырларын қиратып, ағаштарды құлатқан, сондай-ақ көліктерге зиян келді.
Соңғы ақпаратқа сәйкес төрт адам қайтыс болып, 20-дан астам тұрғын әртүрлі деңгейде жарақат алды, жоғалып кеткендер бар. Іздестіру және құтқару жұмыстары әлі жүргізілуде. Ал синоптиктер енді қатты дауыл Камчатка мен Хабаровск өлкелерінде болуы ықтимал дейді.
Индира Бекайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Саябақта қоқыс тастамау – мәдениет белгісі
07.08.2026, 13:25
Қайтарылған активтер есебінен тағы екі мектеп салынып жатыр
07.08.2026, 13:17
Алтынды заңсыз қазып жүргендер ұсталды
07.08.2026, 13:15
Мұқыр–Құлсары тасжолы жөнделіп жатыр
07.08.2026, 13:12
Конституциялық өзгерістер демократияны күшейтті
07.08.2026, 13:10
Трамп азаматтық алу мүмкіндігін шектей бастады
07.08.2026, 13:07
Таиландта мектептегі атыстан 8 адам қаза тапты
07.08.2026, 13:03
Астанада заңсыз тұрған көліктерді эвакуациялау күшейтіледі
07.08.2026, 13:00