Қысқы мейірімділік акциясы басталды
«Волонтер болу оңай». Дәл осындай атаумен 5-ші желтоқсан еріктілер күніне орай қысқы мейірімділік акциясы басталды. Бұл туралы бүгін халықаралық волонтерлер симпозиумында айтылды. Шарада шетелдік спикерлер әлемдегі волонтер қызметінің жағдайын талқылап, тәжірибелерімен бөлісті. Олардың айтуларынша, мұндай жиындар волонтерлік қауымдастықты нығайтуға мүмкіндік береді. Ұлттық волонтерлер желісінің мәліметінше, қазір 500-ге жуық үкіметтік емес ұйымдар осы бағытта жұмыс істеп келеді. Демек, әрбір 8-ші қазақстандық еріктілер қызметіне тартылған, - дейді.
Айбек Досымбетов , ұлттық волонтерлер желісінің атқарушы директорының орынбасары:
Мейірімділік аптасында еліміздің барлық волонтерлік бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыруды қолға алып жатырмыз. Табиғатты аялау бар, қарттарымызды аялау бар. Республика бойынша бізде тұрақты түрде 160 мың волонтер бар. Жыл басынан бері 5 мың іс-шара өткіздік.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53