Аргентинаның жаңа президенті қызметіне кірісті
Аргентинаның жаңа президенті ресми түрде қызметіне кірісті. Хавьер Милей бұл лауазымды 2027 жылдың соңына дейін атқарады.
Шетел бұқаралық ақпарат құралдары Аргентинаның мемлекет басшысын «кіші Трамп» және «ара ұстаған экономист» деп атап жүр. Себебі, ол сайлауалды бағдарламасында бұрын-соңды болмаған саяси және экономикалық реформа жүргізуге уәде берген. Министрліктер санын екі есе азайтып, мемлекеттік шығындарды қысқартып, субсидияларды алып тастамақшы. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, жаңа үкімет жабық есік жағдайында ант берген. Хавьер Милей рәсімнің құпия өтуін елдегі ахуал күрделі болуымен түсіндірді. Аргентина күрделі экономикалық жағдайды бастан өткеріп жатыр. Елде инфляция 143 пайызға жеткен.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10