Алматыда зардап шеккен ер адам пик жетекшісін сотқа бермек
Алматыда жаяу өтіп бара жатқан ер адамның басына балконның бір бөлігі, нақтырақ айтсақ алдыңғы темір қоршауы құлап түскен. Оқиға 23 желтоқсанда болған. Әлеуметтік желіге ер азаматтың қимылдай алмай жатқан видеосы тарап кетті. Сондай-ақ, видеоға түсіріп тұрған досы жарты сағаттан бері жедел-жәрдемнің қаланың ортасындағы Алмалы ауданына жете алмай жатқанын айтады. Қатты соққының салдарынан аяқ-қолы сынып, шұғыл ота жасалған. Полиция пәтер иелері кооперативінің жетекшісіне қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік іс қозғанын мәлімдеді. Бірақ зардап шеккен тұрғын оны сотқа беруге оқталып отыр.
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Араға 70 жыл салып қазақстан жеріне амур жолбарысы жіберілді
03.08.2026, 20:30
Ойындардың трансляциясы 85 млн қаралым жинаған
03.08.2026, 20:29
«Creative Aimaq» жобасы: Абай мұрасынан - заманауи креативке
03.08.2026, 20:25
Құрылтай сайлауы жақындаған сайын партиялардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
03.08.2026, 20:17
Бір палаталы Құрылтайға көшу - заң шығару үдерісін бірізді етеді
03.08.2026, 20:15
Байқаушы: Құрылтай сайлауы - тарихи оқиға
03.08.2026, 20:14
Құрылтай сайлауы: 10400-ден астам учаскелік сайлау комиссиясы дайындықты бастады
03.08.2026, 20:12
Жасанды интеллект бойынша жас зияткерлер жарысы
03.08.2026, 20:02