Атырау облысында газ өңдейтін зауыттың құрылысы жүріп жатыр
Атырау облысында жылына 1 млрд текше метр газ өңдейтін зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Қазір мұнда 700-дей адам еңбек етіп жатыр. Жазға қарай жұмысшы саны 2 мыңға дейін өспек. Аталған зауыт Каспий қайраңындағы «Қашаған» кенішінен шығатын ілеспе газды кәдеге жаратуға арналған. Кәсіпорыннан болашақта 727 млн текше метр пропан, бутан секілді тауарлы газ, 218,5 мың тонна түйіршіктелген күкірт шығатын болады. Заманауи технологияларға негізделген жобаның құрылысы 2025 жылдың жазында аяқталуы тиіс. Парламент мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов аймаққа арнайы барып, құрылыс барысымен танысты.
Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұл-біздің еліміз үшін Қазақстанымызға экономикалық маңызы бар жоба. Сондықтан ел Президентінің ерекше қадағалауында тұр осы жоба. Энергетика министрлігінің болжамы бойынша 2025 жылға таман 27.7 млрд текше метр газ тұтынамыз екен. Ал 2030 жылға көз жүгіртсек ол деген 30 млрд-қа өскелі тұр. Сондықтан осындай зауыттар газ өңдейтін бізге өте қажет.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08