Шығыс Қазақстанда 6 ауылдың жолы әлі ашылған жоқ
Марқакөл ауданындағы Ақжайлау мен Қарой ауылына жол ашылды. Бірнеше ауыр техника таң атқанша тоқтаусыз қар тазалады. Дегенмен әлі алты ауыл қар құрсауында сыртпен байланыссыз отыр. Өңірдегі бүгінгі ахуалды тілшіміз Олжас Керейхан баяндайды.
Олжас Керейхан, тілші:
Марқакөл өңірінде кешеден бері жағдай тұрақталып келеді. Қарлы боран толық басылды. Нәтижесінде бүгін екі ауылдың жолы ашылды. Дегенмен әлі 6 ауыл сыртпен байланыссыз отыр. Ал ең шеттегі Шанағаты ауылына әлі электр жарығы жоқ. Жол ашылмағандықтан, энергетиктер де жете алмай отыр. Марқакөл ауылдық округінің әкімі егер боран соғып, қар жаумаса, бүгін барлық елдімекендердің жолы ашылатынын хабарлады.
Мейіржан Әлібеков, Күршім ауданы әкімінің орынбасары:
Қайнарлы ауылында жүкті келіншекке төтенше жағдайлар департаментінен келген екі техника арқылы медициналық көмек көрсетілді. Сонымен қатар Төсқайың ауылындағы жылқы малының жайылымдағы ортасы белгісіз болатын. Кеше келген тікұшақтың көмегімен кординаттары белгілі болды. Енді соған жем-шөп жеткізу мәселесі қарыстырылуда.
Олжас Керейхан, тілші:
Күршім мен Марқакөл өңірндегі қар құрсауында отырған ауылдардың жолын тазалау үшін жалпы 20-дан астам техника күндіз-түні тоқтамай жұмыс істеп жатыр. Ал ондағы жұмысшыларға ауыл тұрғындары ыстық тамақ беріп, жұмыс істеуге жағдайларын жасап жатыр.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Германияның Михендорф қалашығында Аяз аталар дәстүрлі жүгіруден жарысты
08.12.2025, 14:10
«Қазақы тазы» тұқымының республикалық байқауы өтті
08.12.2025, 14:08
Шығыс Қазақстанда қысқы туризм маусымы ашылды
08.12.2025, 14:07
Еліміз бойынша 814 км өзен арнасы тазартылады
08.12.2025, 14:06
Кәсіпорын табысының бір бөлігі халық игілігіне жұмсалуы керек
08.12.2025, 14:05
БҰҰ Украина бойынша отырыс өткізеді
08.12.2025, 14:04
Таиланд пен Камбоджа арасындағы даулы шекарада қарулы қақтығыс қайта басталды
08.12.2025, 14:03
Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 адам қаза тапты
08.12.2025, 14:02