Алматыда мектеп бухгалтері 57 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Бұл туралы республикалық «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері мәлімдеді. Ұйымның заңгерлері қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесе, №141 орта мектепке тексеріс жүргізген. Оның қорытындысы бойынша, білім ордасының есепшісі 2021-2022 жылдар аралығында өзінің жеке есеп-шотына 50 млн теңге аударып алғаны анықталған. Бұдан өзге, қосымша 7 млн-нан аса қаражат қолды болған. Осыдан кейін қызметкер жұмыстан шығып кеткен. Ал мемлекетке келген шығын қайтарылмаған. Қазір сотқа дейінгі тергеумен қалалық экономикалық тергеу департаменті айналысып жатыр. Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалған.
Бауыржан Мақұлбаев, «Әділдік Жолы» РҚБ Алматы қалалық филиал басшысы:
Аса ірі көлемде бөтен мүлікке зиян келтірген деп есептеледі де, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Және мүлкі міндетті түрде тәркіленеді. Сонымен қатар, әртүрлі мемлекеттік және соған теңескен қызметтерді өмір бойы істеуге бюоллмайтын қылып шектеулер қойылады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17