Алматыда жер сілкінісі кезінде 11 мың адам қауіпсіз жерде түнеп шықты
Түнде Алматыда жер сілкінісі кезінде 11 мың адам қауіпсіз орында түнеп шыққан. 3,5 мыңы – бала. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, олардың басым бөлігі көпқабатты үйдің тұрғындары. Олар тербеліс басталғанда жан сауғалап, далаға қашып шыққан. Үрейленіп, үйіне кіруге қорыққандардың барлығы қаладағы көмек көрсету орталықтарына жайғастырылды.
Кейбірі қала сыртында тұратын жақындарының үйіне кеткен. Таңға жуық қауіп сейілген соң, тұрғындар баспаналарына оралған. Қазір қалада табиғи апат бола қалған жағдайда, тұрғындардың уақытша паналауы үшін 384 арнайы белгіленген нысан бар.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17