Байқоңырда гемодиализ орталығы ашылды
Байқоңыр қаласында Қазақстан азаматтары үшін гемодиализ орталығы ашылды. Созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқастар енді алысқа бармай-ақ жақын жерден ем-дом алады.
Жалпы ғарышкерлер қалашығында 10 адам осындай сырқатпен тіркелген. Олар осыған дейін ем алу үшін аптасына үш рет 100 шақырым қашықтағы Қазалы ауданына қатынап әбігерге түсетін. Жаңа орталықтың ашылуымен бүйрек ауруы бар науқастар жол азабынан құтылды. Емдеу орны күніне 10 адамды қабылдай алады. Сондай-ақ Байқоңырдың іргесіндегі Ақай, Төретам елдімекендерінің тұрғындары да ем алуына мүмкіндік бар.
Эльмира Рысбаева, ем алушы:
Бүгін алғашқы күніміз осы Байқоңырда диализ алып жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Қазалыға қатынап жүрдік енді қаншама жыл бойы. Екі ортада жол шаршатады.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01