Қалың қарға қарамай, науқасқа асыққан дәрігерлердің кім екені белгілі болды
Бұл кадрлар кешелі-бері әлеуметтік желіде тарап, дәрігерлердің ерлегі елдің ықыласына бөленді. Қалың қарға қарамай, шақырту түскен науқасқа асыққан жедел-жәрдем қызметкерлерінің кім екені белгілі болды. Олар Ақтөбе облысы Хромтау ауданының жедел жәрдем орталығының фельдшерлері Сая Рысбаева, Қайрат Берікұлы, Бауыржан Құдияров. Олар жол жоқ жерде тізеден асқан омбы қарды жаяу еңсеріп, науқасты жеткен.
Сая Рысбаева, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының жедел жәрдем орталығының жауапты аға фельдшері:
Бізге диспечердің екінші дәрежелі жүрек тұсымен ауырсынатын деп шақырту түсті. Жарты жолға дейін автокөлікпен барып, ары қарай омбылап қарды кешіп баруға тура келді. Өте қиын болды. Бірақ қасымда 2 ер азаматтың арқасында мені қыз бала деп сыйлап алдымнан жол ашып омбылап-аунап солай шақыртуға жеттік. Жедел түрде кардиограмма түсіріп, жедел көмек көрсеттік. Бағымызға орай ауруханаға тасымалдайтын диагноз болған жоқ, үйінде кеңес айтып қалдырылды.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53