Атырау облысындағы елді-мекендерде қар суы тасып жатыр
Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы елді-мекендерде қар суы тасып жатыр. Бүгін Ноғайты өзені арнасынан асып, Сағыз ауылдық округіндегі тұрғын-үйлерге қауіп төндірген. Қазір үйлердің айналасына арнайы бөгет салынған. Мұқыр ауылдық округіне қарасты Жантерек елді мекеніндегі мектеп шарбағының ішімен еріген қар суы жүріп жатыр. Әзірге мектепке келер қауіп жоқ. Оқушылар онлайн оқуға көшірілген. Сонымен қатар Миялы ауылындағы көшелерде қар шығару және су сору жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жұмыстарға 30 техника мен 100-ге тарта қызметкер тартылған.
Қайрат Нұртаев, Атырау облысы әкімінің орынбасары:
Ол жерде қорқатындай ештеңе жоқ. Үйлер ғимараттар суға кеткен жоқ. Ол мәселе қайдан туындап жатыр? Қазір күннің тез жылып кетуіне байланысты орын алып жатқан нәрселер. Бұл қардың сулары. Ол яғни уақытша бір-екі күнде өтетін сулар ғой.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08