Чапаев-Жаңақала-Сайқын тасжолын қар суы шайып кетті
Батыс Қазақстан облысында Чапаев-Жаңақала-Сайқын тасжолын еріген қар суы шайып кетті. Оқиға Жаңақала ауданы Мәстексай ауылының тұсында болған. Көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Төтенше жағдай департаменті мамандарының айтуынша, елдімекендерге қауіп жоқ. Су шайған жерде жергілікті әкімшілік, полиция, төтенше жағдайлар бөлімі кезекшілік ұйымдастырды. Қазір жол бөлігін күтіп ұстауға жауапты кәсіпорын өткелді нығайтып жатыр.
Ал Атырау облысы Қызылқоға ауданында еріген қар суының деңгейі төмендеді. Төтенше жағдай департаменті мамандарының айтуынша, қарғын су Мұқыр және Сағыз кенті арқылы штаттық режимде арық арнасымен ағып өткен. «Елдімекендерге қауіп төнген жоқ. Жағдай бақылауда», - дейді жауапты мамандар.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір аптада 30 орман өрті тіркелді
03.08.2026, 10:04
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05