Ақтауда мұнай қалдықтары өртеніп, қаланы қара түтін басты
Ақтауда кәсіпорындардың бірінде мұнай қалдықтары өртеніп, будақтаған қара түтін тұрғындарды шошытты.
Кәсіпорын индустриалды парк аумағында орналасқан. Өрт жарамсыз өндірістік мұнараны қайта өңдеу кезінде шыққан. Бұрын мұнай сақталған нысандағы химиялық қалдықтар жанған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен техникалары жұмылдырылып, өрт оқшауланды. Қызыл жалынның нақты себебі анықталып, кінәлілер жауапқа тартылмақ. Ал, экологтар ауа құрамын тексеру үшін, сынамалар алды.
Арман Теңел, Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары:
Алғашқы себебі – кесу жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу. Сол себептен ішіндегі қалдықтарға, жанғыш заттарға тиіп, ары қарай өртке ұласқан.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08