Ауыл тұрғындары жүк көліктерінен мезі болғанын айтады
Түркістан облысы, Отырар ауданының Балтакөл ауылы тұрғындары жүк көліктері жарысып, көшеге шығудан қорқатын болдық деп шағымданды. Жергілікті халықтың айтуынша елді мекеннің орталық көшелерімен күніне 200 жүк көлігі жүріп өтеді. Олар іргеде салынып жатқан әуежайға тас тасиды. Ауыр техниканың күндіз-түнгі қозғалысынан ауылдан тыныштық кетті дейді тұрғындар.
Ғазиз Жұманбалаев, Балтакөл ауылының тұрғыны:
Олар тоқтаусыз, ешқандай маршрутсыз жүріп-жүріп жатыр. Қайтар кезде барлығы жас балдар, бір-бірімен жарысады. Қара халықтың ертең жолы кетеді. Жолы кеткен соң и так 600 теңге тұғын такси. Қазір жолдың нашарлығына байланысты 200 теңгеге көтерілді.
Ауыл тұрғындары шағымын айтып жергілікті әкімдікке бірнеше рет барған. Бірақ, айтарлықтай нәтиже болмай тұр. Ауыл әкімі енді айналма жол салуға ұсыныс жасаймыз, деп жұртты сабырға шақырды.
Сейітхан Әтелов, Балтакөл ауылының әкімі:
Мердігердің басшылары бір 4 айдың көлемінде тас тасимыз деп отыр енді. Мына жаққа тасты жинап аламыз, одан кейін ары қарап аэропотқа тасимыз деп отыр олар өздері. Елді мекеннен 2-3 километр, 4 километр шығар. Соны қара жолдан өздеріңіз жол салып алыңыздар деп ұсыныс жасаймыз.
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04