Түркістанда балаға дөрекілік танытқан тәрбиеші жұмыстан босатылды
Әлеуметтік желіде балабақша қызметкері кішкентай бүлдіршінге дөрекілік танытып, жұлқылағаны туралы бейнежазба тарады.
Полиция тексере келе бұл оқиғаның 21 ақпан күні Түркістан қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болғанын анықтаған. 1,5 жастағы баласының бетіндегі қызарған дақтарды байқаған анасы балабақшадағы бейнебақылау камерасын қарап шыққан. Ондағы көріністен кейін құзырлы органдарға шағымданған.
Облыстық білім басқармасы бүгін тәрбиешінің баланы жұлқылағанын ресми түрде растап, оның өз өтініші негізінде жұмыстан босатылғанын жеткізді. Ал полиция тергеу шараларын бастап кетті.
Асылжан Қалдарбеков, Түркістан облыстық пд бастығының орынбасары:
Анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайлар анықталуда.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04