«Менің сүйікті кітабым» челленджі басталды
«Менің сүйікті кітабым». Дәл осындай атаумен республикалық челлендж басталды. Эстафета Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жалғасып жатыр. Шараға республикамыздың барлық өңірі және Алматы, Шымкент қалалары тікелей байланыс арқылы қатысты. Әр оқу ордасы челендж аясында белгілі бір кітапты атап өтіп, оқуға шақырады. «Мақсат – оқушылардың кітап оқу белсенділіктерін арттыру», - дейді шараны ұйымдастырушылар.
Меруерт Асқарбекқызы, ҚР оқу-ағарту министрлігі тәрбие және қосымша білім департаментінің директоры:
PISA халықаралық зерттеуінде біздің Қазақстан оқушыларының едәуір төмендегені кішкене көңілімізге кірбің түсірді. Оқушылардың оқу сауаттылығын оның ішінде оқылым, айтылым, жазылым жалпы дағдыларын қалай дамытамыз деген осы мақсаттарды жүйелі түрде жоспарлы жасап, арнайы жоба жасадық. Міне осы «біртұтас тәрбие» бағдарламасының аясында ақпан айын «Оқуға құштар мектеп» айы деген жоспарда бар. Қазір барлық білім беру мекемелерінде балабақша, мектеп, колледждерде іске асырылуда.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53