Шығыс Қазақстанда өрт сөндіру көліктері берілді
Шығыс Қазақстан облысындағы өрт сөндіру бөлімдеріндегі көліктердің көбі ескі. Бұл еліміздегі орман қорының төрттен үш бөлігі өсетін өңір үшін өте маңызды мәселе. Өткен жазда Семей орманында болған алапат өрттен соң Үкімет саладағы бірқатар түйткілді мәселені шешуге кірісті.
Нәтижесінде шығыстағы төтенше жағдайлар бөлімдеріне өрт сөндіретін 9 көлік берілді. 35 мыңнан астам тұрғыны бар Зайсан ауданында 33 ауыл бар. Бұрын техниканың ескілігінен мамандар көп қиындық көретін. Жаңа техника республикалық бюджет қаржысына алынды. Ал өрт сөндірушілерге Зайсан ауданының әкімдігі 25 жаңа радиоқабылдағыш құралын алып берді.
Аэлита Ахметсәлімқызы, Зайсан ауданының әкімі:
Мысалы 2023 жылдың жазында өрт сөндіру бөліміне 30 аспалы өрт сөндіргіш алып бердік. Одан басқа өрт соққыштар алынды. Ең жақсы жаңалығымыз осы жолы 3 өрт сөндіруші қызметкерлеріне пәтер берілді. Осы жұмысты ары қарайда жалғастырамыз.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Қостанайда қорқытып, ақша талап еткен күдіктілер ұсталды
02.11.2026, 10:00
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00