Қарағанды облысында 739 заңсыз қоқыс алаңы анықталды
Қарағанды облысында өткен жылы ғарыштық мониторинг арқылы 739 заңсыз қоқыс үйінділері анықталған. Соның 680-і жойылды. Экологиялық заң талаптарын бұзған 50-ден астам адам әкімшілік жазаға тартылды. Рұқсатсыз полигондарға көбіне құрылыс қалдықтары төгілген. Мамандар профилактикалық шараларды жиі өткізгенімен, жылда осындай заңсыз қоқыс үйінділері көптеп табылады. Оны төккен азаматтарды табу қиынға соғады. «Сөйтіп, қоқысты арнайы полигонға тасу жұмыстарын жергілікті билік атқарады», - дейді мамандар.
Дархан Исжанов, облыстық экология департаментінің басшысы:
Елдімекендер аумағында жыл сайын рұқсат етілмеген қоқыс пайда болу проблемасы бар. Ол жер ресурстарына теріс әсер етеді. Ғарыштық мониторинг арқылы облыс аумағында 739 заңсыз қоқыс аумағы анықталған. Соның 680-і тазартылған. Яғни 92 пайыз. Осы мүмкіндікті пайдаланып экология департаменті облыс тұрғындарын табиғатқа ұқыпты қарауға және қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеуге шақырады.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04