Елімізде вейптерді жарнамалауға тыйым салынбақ
Сенат вейптерге толық тыйым салатын заңның жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, Мәжіліске қайтарды. Енді вейптерді жарнамалауға да шектеу енгізілмек. Заң жобасында электронды темекілерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Мәселен, сатқаны үшін ең жоғары жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алу. Ал әкеліп, таратқаны үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, қылмыстық топ құрып, заңсыз әрекетті бірнеше рет қайталаған жағдайда – 5 жылға дейiн бас бостандығынан айыру көзделген.
Жалпы, сарапшылар электронды темекі өкпені туберкулез дертімен тең дәрежеде зақымдайтынын айтады. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметінше, 33 мемлекетте электронды темекі сатуға тыйым салынған. Сонымен қатар жиында депутаттар жөспірімдер мен балаларға энергетикалық сусын түрлерін сатпауды ұсынды. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі, бұл мәселе әлі де қаралып жатқанын айтты.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Вейптердің саудасы бойынша қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Кінәлілер ескертумен құтылмайды. Заң күшіне енгеннен кейін, сату да, тұтыну да қылмыс болады. Жарнамалауға да тыйым салынады.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04