Ақмола облысында 300-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді
Ақмола облысында екі күнде 300 ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Апатты аймақтарда құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.
Ұмсындық Наурызбаева, тілші:
Мен қазір қаладағы бейімдеу орталығында тұрмын. Мұнда кешеден бері су тасқынынан зардап шеккен 51 адам көшірілді. Оның 12-сі бала. Қазіргі таңда мамандар оларға психологиялық көмек көрсетуде. Орталықта да барлық жағдай жасалған. Ғимараттың іші жылы. Тұрғындар үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Еріктілер мен студенттер де азық-түлік әкеліп, қол ұшын созып жатыр.
Әлия Әшімова, қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры:
Тұрғындардың жағдайы жақсы. Төсек-орын жеткілікті. Кешеден бері орталыққа 51 адам келіп түсті. Азық-түлікпен, гигиеналық заттармен қамтамасыз етіп отырмыз. Орталық мамандары түсініктеме жұмыстарын жүргізіп отыр.
Ұмсындық Наурызбаева, тілші:
Құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше 250-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілсе, бүгін 113 тұрғын эвакуцияланған. Құтқарушылар күндіз-түні жұмыс істеп жатса да, қауіп әлі де бар. Өзен деңгейі бүгін тағы көтеріліп, қаладағы 16 баспана , 41 үйдің ауласы мен балабақшаға су кірген.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04