Батыс Қазақстанда Бөрілі ауданында 5 елдімекен тасқын сумен арпалысып жатыр
Батыс Қазақстан облысына қарасты Бөрілі ауданында 5 елдімекен тасқын сумен арпалысып жатыр. Аудандағы Шығырлау және Жайық өзендеріндегі су деңгейі көтеріледі деген болжам бар. Сондықтан 350-ден астам тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілген.
Өңірде құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатыр, олардың жағдайы қалай? Үйсіз, малсыз қалғандарға өтемақы төлене ме?
Еркебұлан Ихсанов, БҚО Бөрілі ауданының әкімі:
Қала және ауыл тұрғындарының, бизнес өкілдерінің, демеушілердің арқасында алғашқы қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек, шаруашылық тауарлары мен төсек орын берілді. Пункттерде барлық қажетті жағдай жасалған және тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Келітірілген материалдық шығынды есептеу үшін арнайы комииссия құрылды. Комиссия бүгінгі күннен бастап жұмысын бастап кетті. Зардап шеккен тұрғындарға өтемақы және жәрдемақы төленеді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04