Бас прокуратура су тасқынына байланысты тергеу жұмыстарын бастады
Бас прокуртура су тасқынына байланысты тергеу жұмыстарын бастады. Қазір Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарында 4 іс тергеліп жатыр. Құзырлы орган су басқан елді-мекендерді, жолдардың, көпір, гидротехникалық және басқа да нысандардың нақты қирау себебін анықтайды. Сонымен бірге, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын, су тасқынын алдын алу жұмыстарының уақытылы әрі толық орындалуын зерделеп жатыр. Тергеу қорытындысы шыққаннан кейін әрбір уәкілетті органның қызметіне тиісті құқықтық баға беріледі.
Ерлан Жанпейісов, ҚР Бас Прокуратурасының ресми өкілі:
Бұл мәселе прокуратура органдарының тұрақты бақылауында. Өтемақы алу алгоритмі Үкіметтің қаулысымен бекітілген арнайы ережелермен нақты реттелгенін түсіндіреміз. Құқықтық сипаттағы барлық мәселелер бойынша, оның ішінде залалды өтеу бөлігінде Сіз тұрғылықты жері бойынша прокуратура органдарына жүгіне аласыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04