Ресейдің 39 өңірін еріген қар суы басты
Ресейдің 39 өңірін еріген қар суы басты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сай, 6 мың 800-ден астам үй су астында қалған. Орынбор облысының екінші ірі қаласы Орскіде жағдай күрделі. 200 мыңға жуық адам тұратын қалада бөгеттер су қысымына шыдамай, жарылған. Осыған байланысты тергеу комитеті «қауіпсіздік ережелерін бұзу» және «салғырттық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. 4 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Гидрометеорология орталығының мәліметінше, жексенбінің кешінде Жайық өзені суының деңгейі 864 сантиметрге жеткен. Ал ең қауіпті деп саналатын су деңгейі - 930 сантиметр.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05