Қарағанды облысында арқарлардың әуе санағы басталды
Қарағанды облысында арқарлардың әуе санағы басталды. Мамандар 10 күнге жуық, күніне 9 сағаттан тікұшақпен тау, жота, қыраттарда жүрген аша тұяқтылардың санын есептеуде. Еліміз бойынша арқарлардың авиасанағын алғаш рет Түркістан облысында жүргізген. Мамандар оларға қатал табиғат пен қоршаған ортадан келер қауіп аз емес, дейді. 2023 жылы Қарқаралы тауларын мекен еткен 2800 арқар тіркелген. Соңғы жылдарда иір мүйізділер шамамен 15-20 пайызға артқан.
Фархат Нұрлыханұлы, мемлекеттік инспектор:
Арқарды барынша қорғауымыз керек. Оның екі жауы бар. Бірі – адам. Біреуі – қасқыр, ит-құс. Қорғап, санын көбейтуіміз керек. Санақтың алғашқы күні арқарлар саны 300-ден астамы тіркелді. Тау жоталарында бар ғой әлі арқар. Әлі есептейміз. Бұйырса санына жетеміз.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01