Оралда саяжайдағы жолды тасқын су бұзып өтті
Оралда Жайық жағасында орналасқан 1-ші, 2-ші саяжай жолдарын тасқын су бұзып өтті. Қазір құтқарушылар жолдың арғы бетінде қалған адамдарды қайықпен шығарып, құтқарып жатыр.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Біз қазір 1-ші және 2-ші саяжай аумағындамыз. Мінекей, Жайықтың нөпір суы жалғыз аяқ жолды бұзып өткен. Ағыстың қарқыны өте қатты. Жалпы Жайықтың осы аумағында 5 мың адам тұрып жатыр. Тұрғындарға екі апта бұрын ескертілді. Алдын ала эвакуацияланды. Бірақ әлі де үйлерін қимай, көшуден бас тартып жатқан адамдар бар. Оларды республикалық жедел құтқару жасағының қызметкерлері эвакуациялап жатыр. Қазір біз осы жасақтың бас құтқарушысы Ғани Амантайдан жағдайды сұрап көрейік. Ғани Амантайұлы, Алматыдан қашан, қанша адам келдіңіздер?
Ғани Амантай, Республикалық жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы:
20 адам келген. Ақтөбеде бес күн болған. Қазір осында. Адамдарды құтқарып жатыр... Иә, кеткісі келмей жатқандар бар. Оларды полициямен бірге барып, шығарамыз.
Жалпы Жайық пен Шаған жайылмасында 130-дан астам бау-бақша серіктестігі бар. Оларда 20 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Ал дәл қазір саяжайлардағы 2000-нан астам үйді су басты. Бұл сан сәт сайын өзгеріп жатыр.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04