Түркияда нөсер жаңбырдан соң сел болды
Түркияның бірнеше қаласында нөсер жауын жауып, алапат дауыл соқты. Ыстанбұл мен Чанаккале қалаларында кешеден бері тоқтаусыз жауып тұрған жаңбырдың кесірінен кей көшелерді су басып, топырақ көшкіні болды. Ыстанбұлда топырақ басып қалу қаупі бар 30 үйден 100-ден аса тұрғын шығарылып, қонақ үйлерге орналастырылды. Сондай-ақ, бір метро станциясын су басып, жолаушылар қауіпсіз жерге көшірілді. Анкара мен Кония қалаларында да қатты дауыл соғып, бірқатар ғимараттың шатырлары ұшқан. Сұрапыл желден құлаған ағаштар көліктерді басып қалды. Ал Чанкыры қаласында бір мешіттің мұнарасы қатты желге шыдас бермей опырылып түсті. Абырой болғанда мұнара адамдардың емес, ғимараттың үстіне құлаған.
Исмайыл Хаккы Есен, Чанкыры қаласының әкімі:
Дауыл болатынын мамандар алдын ала ескертті, бірақ дәл осылай қатты болады деп ойламадық. Қазір қауіпсіздік мақсатында осы маңайдағы көшелерді жауып, тұрғындарға сыртқа шықпауларын ескерттік. Себебі екінші мұнара да құлауы мүмкін. Желдің екпіні әлі де басылмай тұр.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04