Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келді
Өзбекстан республикасы елімздегі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберді. 800-ге жуық қайық, 80 тоннадай астық өнімдері, 25 мың литр сұйық май, консервілермен 1000 адамға арналған төсек жабдықтары одан бөлек түрлі керекті заттар тиелген 15 жүк көлігі бүгін Қарағанды облысына жетті. Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Турсунпулат Худайбергенов Қарағанды қаласына арнайы келіп, бауырлас елдің ізгі ниетін жеткізді. Енді аталған көмек су тасқыны жүріп жатқан облыстарға жөнелтілетін болады.
Бобур Усманов, Өзбекстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары:
Бұл екі елдің достығын одан аса нығайта түседі деп ойлаймын. Бір бірімізге осылай көмек беріп, қиын кезде қолдау көрсету ара қатынасымызды жақсартары сөзсіз. Біз нақты керек деген заттарды жинап, алып келдік. Өзбек елі әрқашан көмек беруге дайын.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01