Жануарларды қорғауда үш ел бірлесе жұмыс атқарады
Жабайы жануарлардың Үстірт жазығында емін- еркін өмір сүріп, ұрпақ өрбітуіне жол ашылады. Бұл бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасында арнайы келісім жасалған елді. Енді жобаға Түркіменстан да қосылды. Осы салада еңбек ететін мамандар мен қорғалатын аумақтардағы қызметкерлердің өзара тәжірибе алмасуы мақсатында оқу- жаттығу жиыны өтті. Оған Қазақстандағы Барсакелмес, Қарақалпақ жеріндегі «Сайгачий» және Түркіменстандағы Капланкыр мемлекеттік қорығының мамандары қатысқан. Айта өтейік, ақпан айында Самарқан қаласында қоныс аударатын жабайы жануарларды сақтау конвенциясының жиынында арнайы меморандум жасалған еді.
Айзада Ұзақбаева, GIZ Германия халықаралық әріптестік ұйымы жобасының кеңесшісі:
Үстірт жазығында аң-құстың тіршілік етуіне қолайлы экожүйе құруға бағытталған құжаттың қабылдануы өте маңызды оқиға болды. Шекаралас жатқан елдер әлемде сирек кездесетін аң құсты сақтап қалуға бірлесе қадам жасады. Бұл экология мен қоршаған ортаны қорғауда тепе теңдіктің сақталуына жол ашады.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05