Петропавлда су тасқынының екінші толқыны басталды
Петропавлда су тасқынының екінші толқыны басталды. Солтүстік Қазақстандағы әріптесім Эльмира Кәленова студиямен тікелей байланыста. Эльмира, екінші толқын қандай болмақ? Мамандар нендей болжам жасауда?
Эльмира Кәленова, тілші:
Бұл екінші толқынның басы. Ол 28 сәуірге шарықтау шегіне жетеді деген болжам бар. Біз Ойқала ауданынан тікелей эфирге шығып тұрмыз. Судың айтарлықтай азайғаны байқалады. Дегенмен, суда тұрған үйлер де көп. Мамандар болжамынша, екінші толқын біріншісіне қарағанда жеңіл өтеді. Облыс бойынша 4319 үйге су кірген болатын. Cуда тұрған баспаналарға тағы да су кіруі мүмкін, жаңа деректер тіркелмейді - деді «Казгидромет» өкілдері. Өңірдегі негізгі гидронысандардың бірі Сергеев су қоймасында арнасынан асқан судың биіктігі 3 метр 63 сантиметрге жетіп, қазір төмендеп жатыр. Тасқынның бірінші кезеңінде бұл көрсеткіш 4 метр 25 сантиметр болған еді. Мамандардың сөзінше қазір судың ағысы қатты емес, сондықтан жағдайды реттеуге болады. Ал алғашқы толқын кезінде өзен ағысы тым қатты болды әрі мұз кептелістері жағдайды ушықтырған болатын.
Алдағы уақытқа болжам қандай? Жағдай қашан тұрақталады?
Эльмира Кәленова, тілші:
Ғабит Мүсірепов және Шал ақын аудандарында тасқын қаупі сейілді. Облыс бойынша 14 мыңнан астам адам эвакуацияланған болатын, оның 800-ге жуығы үйлеріне оралды. Мамандардың айтуынша, барлық гидробекеттерде 4 мамырдан су деңгейі төмендей бастайды.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08