Су тасқыны: Батыс Қазақстан облысында 397 үй тұруға жарамсыз
Батыс Қазақстан облысында суда қалған 1300 үйдің 400-дейі тұруға жарамсыз деп танылды. Қазір қираған баспаналардың орнына жаңа үй салу үшін жер учаскелері анықталып жатыр. Әріптесім Ардақ Мұратқызы бізбен байланысқа шықты.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Біз қазір Орал қаласының іргесіндегі 2-ші саяжай аумағындамыз. Соңғы ресми дерек бойынша аймақта тап осындай 14 мың 900 саяжай учаскесіне су жайылған. Баспанасыз қалған тұрғындарды үймен қамту үшін тиісті заңға өзгеріс енгізіліп жатыр. Әзірге бұл мәселенің қашан шешілері белгісіз. Белгілісі - тасқынның бірінші кезеңінде, 6 ауданда 1 292 тұрғын үйге залал келгені нақтыланды. Соның ішінде - 1 150 үйге техникалық тексеріс жасалған. 397 баспана әрі қарай тұруға жарамсыз деп танылды. Енді бұл үйлер қалай қалпына келтіріледі? Бұл сұраққа облыс әкімінің орынбасары Тілеген Каюпов жауап берді.
Тілеген Каюпов, облыс әкімінің орынбасары:
Құрылыс жұмыстарын жүргізуге жергілікті компаниялардың тізімі анықталып, дайындық жұмыстары басталды. Тұрғын үйлер құрылысы «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының, КПО б.в., ЖайықМұнай, Оралойлэнд Газ, Конденсат және өзге де өңіріміздің ірі кәсіпорындарының қаражаты есебінен іске асырылады.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Облыста ашылған «Ақжайық» қорына түскен қаражат та жаңа баспана салуға жұмсалады. Қазір Қаратөбе, Сырым, Теректі, Бөрлі, Тасқала, Бәйтерек аудандарында жаңа тұрғын үйлердің жер учаскелері анықталып, геологиялық және топографиялық түсірілімдер жасалып жатыр. Сондай-ақ тасқын салдарынан 2 400 мал өлді. Төрт түлік шығынын өтеу үшін облыстық резервтен 187 млн теңге бөлінеді. Бұған қоса, көлік пен басқа да дүние-мүлік шығындары есептеліп, өтеу жолдары қарастырылады.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
13.08.2026, 20:14
Елімізде туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
13.08.2026, 20:09
Нұрай Серікбайды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
13.08.2026, 20:07
Ақтөбеде әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды
13.08.2026, 20:07
208 қатысушы ұлттық қолөнердің сырын үйренді
13.08.2026, 20:06
Құзырлы мекемелерде кадрлық ауыс-түйіске мораторий енгізіледі деген ақпарат – жалған
13.08.2026, 20:06
65 жастан асқан көлік жүргізушілерге жаңа талап енгізіледі
13.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталуға жақын
13.08.2026, 20:04