Елімізде бірінші рет географиялық диктант өтті
Елімізде бірінші рет географиялық диктант өтті. «QazaqGeography» қоғамдастығы ұйымдастырған шараға бір уақытта ел бойынша он ұйымнан 500-ден аса адам қатысты. Диктант оффлайн форматта жүргізілді. Әрбір ниет білдіруші қалауына қарай қазақ немесе орыс тілінде Қазақстан географиясы бойынша білімін тексерді. Талап бойынша қатысушыларға 40 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы ұсынылды. Диктант аноним түрде өтті. Қатысушылар нәтижесін бірегей код арқылы көруге мүмкіндік жасалған. Жеңімпаздардың аты 26 сәуірде белгілі болады. Ұйымдастырушылар қорытындыны «QazaqGeography» Instagram парақшасында жариялайтындарын айтты.
Бекболат Төлегенұлы, «Qazaqgeography» қоғамдастығы жобалары бөлімінің жетекшісі:
Шарамызға көбіне қызығушылық танытқан жастар және студенттер болды. Диктанттың негізгі сұрақтары бірнеше бағытта болады. Қоршаған ортаға қатысты, дәстүрге, табиғатқа, қазақ тарихына қатысты сұрақтар болады. Жеңімпаздар анықталып оларға арнайы қолпаштайтын өзіміздің сыйлықтарымыз бар.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08
Шетелдегі айыптұрақтары ақылы ма?
07.04.2026, 20:07