Су саласы мамандарын 5 жыл оқыту керек – академик
Тараздағы гидромелиорация және құрылыс институтын қайта құрарда мамандық санын бұрынғыдан арттыру қажет. Ал студенттер су саласы мамандықтарын жетік меңгеру үшін 5 жыл оқуы тиіс. Техника ғылымдарының докторы, академик Оразхан Қарлыханов осындай пікірде.
Ғалым осыдан 27 жыл бұрын жабылған оқу ордасын қайта құру туралы айтқан Президент бастамасын қуанышпен қабылдадым дейді. Өзі де сол институттың түлегі. Соның бірі Тараздағы гидро оқу кешені 1962 жылы ашылып, 35 жылдан кейін жабылған болатын. 7 мамандық бойынша білім берді. Академик елімізде суды өлшеу, сапасын анықтау жұмыстары ақсап тұрғанын айтады. Мәселен бұрын мың гектар жерге бір гидротехник бақыласа, бүгінде 5 мың гектардың өзі көзден таса қалуда дейді. Тасқын қауіпін білетін мамандар аз. Сондықтан жаңа институт мұндай кемшіліктерге жол бермейді деп сенеді.
Оразхан Қарлыханов, гидротехник-ғалым:
Оқу бағдарламасындағы көптеген пәндер қысқарып, жойылып кетті. +Толық деңгейде инженер су маманын дайындау үшін кемінде бағдарлама бойынша 4 жылдық емес, мүмкін 5 жылдық көлемде маман дайындау қажеттілігі де туындауы мүмкін. Қарастыру керек бәрін дұрыстап, осы бастан. +Су құрылысшы мамандықтары, су экономикасының мамандықтары өте қажет.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08