Басты Жаңалықтар Петропавлда 100 үйдің құрылысы басталды

Петропавлда 100 үйдің құрылысы басталды

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған үйлердің құрылысы басталды.

Солчечный - 2 ауданында 100 баспанаға арналған учаске бөлінді. Жұмыс барысымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев танысты. Құрылыс «Қазақстан халқына» қоры есебінен қаржыландырылады. Былтыр баспана кезегінде тұрған азаматтарға үй салу мақсатында "Солнечный- 2" шағын ауданына инфрақұрылым тартылған болатын. Облыстық құрылыс басқармасы 8 компаниямен келісім шарт жасасты. Үйлерді 40 күнде салып бітіру жоспарланған. Жалпы облыста 3800-ден астам баспана мен 6 мыңнан астам саяжай учаскесі су астында қалды. Қанат Бозымбаев уақыт созбай бағалау процессін аяқтап, жөндеу жұмыстарын бастауды тапсырды. Бүлінген жиһаз бен тұрмыстық техника да есепке алынбақ.

Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

«Қазақмыс» және «Қазминералс» атынан олар 40 млрд теңге бөліп жатыр. Каспий банк акционері Ким 20 млрд бөліп жатыр. Жаңа үйлерді салу, тиісті үйлерді ремонттау, солар қаржыландырады, бұл мәселерді.

Эльмира Кәленова


Бөлісу