Париж Олимпиадасына жолдаманың саны 49-ға жетті
Қазақстан спортшылары Париж Олимпидасына тағы 2 лицензия жеңіп алды. Осылайша, жолдама саны 49-ға жетті. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде саблямен семсерлесуден Әйгерім Сарыбай ел намысын қорғайды. Ол Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан іріктеу турнирінде олимпиада квотасына ие болды. Отандасымыз финалда гонконгтық спортшыны 15:13 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Аталған сында тек жеңіске жеткен спортшылар ғана Париждегі бәсекеге бара алады.
Әйгерім Сарыбай, семсерлесуші:
Құрметті қазақстандықтар, баршаңызға рақмет! Бүгін өте қиын күн болды. Бірақ, бәрін жеңіп Қазақстан туын биікке көтерді. Осы бір аптадан кейін Сеулда гран-при өтеді. Содан кейін Болгарияда әлем кубогы болады, одан соң Азия біріншілігі сосын Олимпиадаға дайындаламыз.
Сондай-ақ, стенд атудан Ұлттық құраманың белді спортшысы Эдуард Ещенко Қатарда өтіп жатқан іріктеу турнирінде Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды. Ол скит бағдарламасында жекелей сында финалға дейін сүрінбей жетіп, үшінші орынға ие болды. Бұл стенд ату шеберлерінің 2-ші жолдамасы. Осыған дейін трап жаттығуында Мария Дмитриенко командаға лицензия сыйлаған. Нысана көздеуде жолдама спортшының жеке өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10